10:00, 12 Мамыр 2009
Бүгін - Медицина бикелерінің ынтымақ күні
АСТАНА. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат – Бүгін - Медицина бикелерінің ынтымақ күні. Бұл атаулы күн Қырым соғысы кезінде (1853-1856) санитарлар отрядын ұйымдастырып,
басшы болған ағылшын медбикесі - Флоренс Найтингейлдің туған күні құрметіне орай атап өтіледі. Әр екі жыл сайын Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қозғалысы ең үздік медбикелерге Флоренс Найтингейл атындағы 50 медаль тапсырады.