Мерекені алғаш рет Мектеп кітапханалары халықаралық қауымдастығының президенті Бланш Вуллз жария етті. 2005 жылы мерекенің ресми мәртебесін аталмыш ұйымның жаңа президенті Питер Дженко қуаттады.
2008 жылы іс-шара жаңа деңгейге шықты - қаңтар айында жоба үйлестірушісі Рик Малхолланд Мектеп кітапханаларының халықаралық күні - халықаралық айлыққа айналатындығын жария етті. Осы жылдың қазан айында «Сіздің мектеп кітапханаңыздағы - сауаттылық және білім алу» ұранымен Мектеп кітапханаларының алғашқы айлығы өтті.
Акция қатысушылары мектеп кітапханаларына арналған іс-шараларды өткізу үшін кез келген күнді таңдай алды. Кейбіреулер бір күнмен не аптамен шектелмей, бір ай бойы кітап жинау сынды ұзақмерзімді іс-шаралар жариялап отырды.
07:38, 22 Қазан 2012
Бүгін Мектеп кітапханаларының халықаралық күні
АСТАНА. 22 қазан. ҚазАқпарат - Мектеп кітапханаларының халықаралық күні 1999 жылдан бастап ЮНЕСКО-ның бастамасымен атап өтіледі.