АСТАНА. ҚазАқпарат - Лас-Вегаста 19 қарашада Астана уақытымен 20 қарашаға қараған күні Мейірім Нұрсұлтанов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
АҚШ-та орта салмақтағы ресейлік боксшы Сергей Ковалев (30-0-1, 26 КО) пен америкалық Андре Уорд (30-0, 15 КО) жекпе-жек кеші өтетіні туралы осыған дейін айтқан болатынбыз. Осы бокс кеші аясында қазақтың қарадомалақ ұлы Мейірім Нұрсұлтанов өзінің кәсіби рингтегі алғашқы айқасын өткізеді.
Мейірім осыған дейін «Астана арландары» командасының сапында өнер көрсетіп, біраз тәжірибе жинақтаған. Ол биыл бір жола кәсіпқой боксқа ауысты. Оның қарсыласы - АҚШ өкілі Генри Бекфорд.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.