Бүгін Ми-8 тікұшағы апатында қаза тапқан А. Сәрсембаевты жер қойнына тапсырады - Алматы облысы
10:41, 03 Желтоқсан 2012
ТАЛДЫКОРГАН. 3 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы облысы Алакөл ауданындағы Бұлақты ауылында жұртшылық ауысым инженері Алмаз Сәрсембаевты соңғы сапарға шығарып салады.
«ҚазТрансОйл» және аудан әкімдігі туған-туыстарына марқұмның мүрдесін осында алып келуге көмектесті.
Қазіргі күні сегіз адамның өмірін қиып кеткен Ми-8 тікұшағы апатының себептерін анықтау үшін сараптау жүріп жатыр.
Бас көлік прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 295 бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Жедел тергеу тобы құрылды.