Бүгін - Мүгедектер құқын қорғаудың халықаралық күні

АСТАНА. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат - Бүгін - Мүгедектер құқын қорғаудың халықаралық күні. 1992 жылы Бас Ассамблея Біріккен Ұлттар Ұйымының Мүгедектердің онжылдығы соңында (1983-1992 жж.) Халықаралық мүгедектер күнін жариялады.

Мүгедектер құқын қорғаудың халықаралық күні - олардың мәселелеріне көңіл бөлуге, құқығы мен денсаулықтарын қорғауға, мүгедектердің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өмірге қатысуынан қоғамға келетін басымдықтарға назар аударуға бағытталған.