Бүгін - Мүгедектер құқын қорғаудың халықаралық күні
08:31, 05 Мамыр 2011
АСТАНА. 5 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін -Мүгедектер құқын қорғаудың халықаралық күні.
1992 жылы Біріккен Ұлттар ҰйымыныңbБас Ассамблеясы Мүгедектердің онжылдығы соңында (1983-1992 жылдары) Мүгедектердің халықаралық күнін жариялады. Бұл атаулы күн мүгедектердің мәселелеріне көңіл бөлуге, олардың қадір-қасиетін, құқығы мен аман-саулығын қорғауға, мүгедектердің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өмірге қатысуына назар аударуға бағытталған.