Бүгін - Мүгедектердің халықаралық күні

АСТАНА. Желтоқсанның 3-і. ҚазАқпарат - Бүгін - Мүгедектердің халықаралық күні. 1992 жылдың аяғында БҰҰ Бас Ассамблеясы мүгедектер он жылдығының (1983-1992) аяқталуына орай желтоқсанның 3-ін - Мүгедектер күні деп жариялады.

Кез келген мемлекеттің құндылығы мен ізгілігі балалар мен қарттарға, мүгедектерге деген қарым-қатынасымен айқындалады. Мүгедектердің  халықаралық  күні -тумысынан өмірдің азабын тартқан жандарға  тағы бір көз қырымызды салып, жанына жебеу болуға мүмкіндік жасайды.