Ресми түрде, жоғары мемлекетаралық деңгейде «Мұхиттардың дүниежүзілік күнін» өткізу идеясы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында 1992 жылы өткен саммитте айтылған болатын. Содан бері бұл атаулы күн дүниежүзілік мұхитқа қатысы бар елдердің барлығында дерлік кеңінен аталып келеді. Бұл күні эколог-ғалымдар, ихтиологтар, көптеген аквариумдар, хайуанаттар бақтары, дельфинарий қызметшілері мұхиттың қайталанбас тіршілік иелері мен өсімдіктерін олар үшін зор қауіп - адам ашкөздігінен сақтап қалу үшін өз күштерін үйлестіреді.
08:22, 08 Маусым 2011
Бүгін - Мұхиттардың дүниежүзілік күні
АСТАНА. 8 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін - Мұхиттардың дүниежүзілік күні. Бұл атаулы күн Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 2009 жылғы 12 ақпандағы №A/RES/63/111 қарарымен бекітілген болатын.