Бүгін -Музыка күні

АСТАНА. 21 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін - Музыка мерекесі. Францияда ең алғаш рет 1982 жылы маусымның 21-нен 22-не қараған түні музыка мерекесі тойланған.

Бұл күні барлық кәсіпқой музыканттар мен музыка өнеріне енді араласып жүргендер жиналып, Францияның барлық қалаларында қайырымдылық концерттерін өткізген.

Қазір Музыка мерекесі халықаралық мәртебеге ие және маусымның 21-де 5 құрлықтағы 100 мемлекетте атап өтіледі.