Оны атап өту идеясын алғаш рет 1982 жылы Францияның бұрынғы мәдениет министрі Жак Лангу ұсынды. 21 маусым тегіннен таңдап алынған жоқ, бұл күн жылдың ең ұзақ күні.
Қазір Музыка мерекесі халықаралық мәртебеге ие және ол 5 құрлықтағы 100 мемлекетте атап өтіледі. Осы күні классикалық музыкадан бастап заманауи әуендерге дейінгі барлық жанрдағы музыкалық шығармалар орындалатын көптеген парадтар мен концерттер өтеді.
Мерекенің басты мақсаты - музыканы насихаттау. Сондай-ақ мейрам түрлі топтағы халықтарды біріктіріп, жас таланттарға өз қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік береді.