25 адам әл-Ариш қаласының маңындағы бақылау-өткізу бекетінде жұма күндіз болған теракті кезінде қаза болды. Өзін-өзі жарған лаңкес жарылғыш заттар толтырылған автокөлікпен аталмыш пунктке шабуыл жасаған. Қаза болғандардың арасында әскерилерден өзге, қарапайым азаматтар да бар. Жараланғандар саны бірнеше ондаған адамға жетті. Бесеуі госпитальда қаза болды. Ал арада бірнеше сағат өткеннен кейін дәл осы қаладағы келесі бақылау-өткізу пунктіне қарумен оқ жаудырылған. Бұл оқиға орнында үш сарбаз ажал құшты, деп хабарлайды РИА Новости.
15:23, 25 Қазан 2014
Бүгін Мысырда қаралы күн жарияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 25 қазанда Мысырда Синай түбегінің солтүстігінде болған екі лаңкестік оқиғаның құрбандарын еске алу үшін үш күндік қаралы күн жарияланды. Бұл туралы жарлықты Мысыр президенті Абдель Фаттах Ас-Сиси шығарды. Қазіргі уақытта құрбан болғандардың жалпы саны 33 адамға жетті.