АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үндістанның Нью-Дели қаласында бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, біздің құрама команда үнді еліне 12 қараша күні аттанған болатын. Әлем біріншілігінде ел намысын қорғайтын спортшылар:
Әйгерім Қасенаева (48 келі),
Жайна Шекербекова (51 келі),
Дина Жоламан (54 келі),
Назым Ищанова (57 келі),
Карина Ибрагимова (60 келі),
Милана Сафронова (64 келі),
Ақерке Бақытжан (69 келі),
Аида Оңдаш (75 келі),
Фариза Шолтай (81 келі),
Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары).
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.