2 ғасырға жуық бұрын қабылданған Конституция күні бүгінге дейін өз күшін жойған жоқ. Норвегия Еуропаның солтүстігінде орналасқан. Батысын және қиыр солтүстігін Скандинавия түбегі алып жатыр. Солтүстігі Баренц теңізімен, батысы Норвегия, Солтүстік теңіздерімен, оңтүстігі Скагеррак бұғазымен, ал құрлықта Швециямен, қиыр шығысында Финляндиямен, Ресеймен шектеседі. Норвегияға Шпицберген архипелагы, Медвежий аралы, Атлант мұхитының солтүстік бөлігіндегі Ян-Майен, Буве аралдары қарайды. Әкімшілік жағынан 18 фюлькеге (облыс) бөлінеді. Астанасы - Осло қаласы.
Мемлекеттік тілі - норвег тілі. Ақша бірлігі - крона. Мемлекет басшысы - Король. Жоғары заң шығарушы органы бір палаталы парламент - Стортинг.
Қазақстан Республикасы мен Норвегия Корольдігі арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы 6 маусымда орнатылды.