Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында ауа сапасы нашарлайды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 25 сәуір күні Қазақстанның көптеген қалаларында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Тек Нұр-Сұлтан қаласында ғана ауа сапасы біршама нашарлайды.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.