Бүгін Нұр-Сұлтанда және 12 қалада ауа сапасы нашарлайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 20 ақпанда Қазақстан қалаларында қалыптасатын метеорологиялық ахуал туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәліметке сүйенсек, жексенбі күні қолайсыз метеожағдай Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Теміртау, Павлодар, Өскемен (2-дәрежелі), сондай-ақ Семей (2-дәрежелі), Риддер (2-дәрежелі) қалаларында күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.