деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан, Ресей, Қырғызстан және Тәжікстан елдерінен жиналған сегіз команда 10 күн бойы күш сынасты. Олар семсерлесу, шыңға өрмелеу, пневматикалық қарудан ату, әскери-медициналық дайындық және дала жағдайында әскери-тактикалық жаттығулар бойынша сынға түсті.
Марапаттау рәсіміне Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының, ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Қорғаныс министрлігінің, «Жас Отан» жастар қанаты мен Қазақстан жастары конгресінің өкілдері қатысады.