Бүгін Өскеменде ҚР Қаржы және Ауыл шаруашылығы министрлерінің қатысуымен аймақтық семинар-жиналыс өтеді
11:10, 14 Қазан 2013
ӨСКЕМЕН. 14 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Өскеменде ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев пен Ауыл шарушылығы министрі Асылбек Мамытбековтың қатысуымен агроөнеркәсіптік кешен субьектілеріне салық салуды жетілдіру мәселелері бойынша аймақтық семинар-жиналыс өтеді.
Жиналыс басталғанша екі ведомство басшылары бірнеше нысандарды арлап, «Айтас-МП» құс етін терең өңдеу зауытының ашылу салтанатына қатысады.
Өңірлік жиналыс жұмысына сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау, салық қызметі органдары, «Атамекен» Одағы» Ұлттық экономикалық палатасы, қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер қатысады.
Күн тәрбінде шаруашылық қожалықтарына салынатын бірыңғай жер салығын сақтау бойынша ұсыныстарды, қосымша ынталандыру, жер салығы ставкаларын талқылау жоспарланып отыр.