турнир кестесінде бірінші орында тұрған, өзінен кейінгі "Ақтөбеден" бір ұпаймен алда келе жатқан Қостанайдың «Тобыл» командасын өз алаңында «Атырау» қабылдайды. Сондай-ақ турнир кестесінің екінші орнында тұрған «Ақтөбе» командасы Қарағандыға барып, жергілікті «Шахтермен» ойнайды. «Тобыл» мен «Ақтөбенің» қайсысы ел жеңімпазы болатыны осы ойындарда белгілі болады.
Ал елордадағы «Астана-Арена» стадионында да тартысты кездесу өтеді деп күтілуде. Бүгін астаналық «Локомотив» Павлодардың «Ертісін» қабылдайды. Бұл екі команда қола жүлде үшін таласады.
«Астана-Арена» стадионы елордалықтар мен қала қонақтарын ел біріншілігінің соңғы ойынын тегін тамашалауға шақырып отыр. Қос команда арасындағы кездесу сағат 17-00-де басталады.