Бүгін павлодарлық футболшылар софиялық қарсыластарымен ойнайды
Талғат Басуфинов жаттықтыратын павлодарлықтар бұған дейін, 4 шілде күні сырт алаңдағы алғашқы кездесуде 0:0 есебімен тарасқан болатын. Жалпы бұл екі команда да өткен маусымда өз елдерінің чемпионатында күміс жүлдегер атанған болатын.
1914 жылы құрылған «Левски» өз тарихында Болгария чемпионатында 26 рет топ жарып, 26 рет ел кубогын иеленген. Сондай-ақ 3 рет суперкубогты жеңіп алды, 2 рет УЕФА кубогының ширек фирналисі болып, 3 мәрте УЕФА кубогы иегерлері додасының ширек финалында өнер көрсеткен.
Николо Митко жаттықтыратын софиялықтар бұл маусымда да ел чемпионатының турнир кестесінде 16 команданың арасында 2-ші орында келе жатыр. 72 ұпаймен көш бастап келе жатқан «Лудогорец» командасынан олардың 1 ұпайы ғана кем. Ал үздік үштікті түйіндеп тұрған «ЦСКА»-дан 8 ұпайы артық.