Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов аталмыш комиссияның отырысында айтты.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы аталмыш отырысқа бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін шақырды. Өйткені комиссияның жұмысы ашық әрі жариялы болмақ. «Бұқаралық ақпарат құралдары мемлекеттік тілді еркін меңгеруді анықтау мен лингвистикалық комиссияның кандидаттардың әрқайсысына қатысты шешім қабылдау үдерісін байқауға мүмкіндік алып отыр», - деді Қ.Тұрғанқұлов.