Александр Пушкин шығармашылығын жоғары бағалайтын қазақстандықтар да жер-жерде ақын ескерткішінің алдына барып, рухына тағзым етіп, өлеңдер оқиды. Александр Пушкин 1833 жылы Орынбор және Орал қалаларына келген. «Пугачев тарихына» қатысты мағлұматтар жинап, «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» эпосын жазып алған. Оның шығармалары 19-шы ғасырдың 2-ші жартысында Абайдың аударуымен елімізде кеңінен таралды. Абай «Евгений Онегиннен» бірнеше үзінді-нұсқаларды таңдап алып, «Татьянаның хаты», «Ленскийдің сөзі» атты өлеңдер шығарды. Ақын Ілияс Жансүгіров «Евгений Онегин» романын бірінші болып толық аударды
09:00, 06 Маусым 2011
Бүгін - Пушкин күні
АСТАНА. 6 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін - Пушкин күні. Бұл атаулы күн Ресей Федерациясы Президентінің 1997 жылғы 27 мамырдағы Жарлығымен ұлы ақынның туылған күні салтанатына орай жыл сайын атап өтіледі