Бүгін - Радиоәуесқойлардың дүниежүзілік күні

None
АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін әлемде Радиоәуесқойлардың дүниежүзілік күні атап өтілуде.

1925 жылдың 18 сәуірі күні Парижде Радиоәуесқойлардың халықаралық одағы құрылды. Осы оқиғаның арқасында радиоәуесқойларда өздерінің жетістіктерін жыл сайын атап өтуге себеп пайда болды.

Кейбір мамандардың бағалауы бойынша, 21 ғасыр нағыз радиоәуесқойлардың ғасыры болады, ал бұл ермекті ұнататын адамдардың саны бүгінгі үш миллионыншы межеден асып жығылады. Сондай-ақ, күнделікті өмірімізде пайдаланып жүрген радиотехнологиялардың дені алдымен радиоәуесқойлармен зерттелген деп есептеледі. Бұл бірінші кезекте ұялы телефондарға қатысты.