АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ресейдің Екатеринбург қаласында үш қазақ боксшысы кәсіби бокстағы айқастарын өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Олар - Рустам Сыбай, Дәулет Дәукенов және Әбілхайыр Шегалиев.
Бұлардың арасында Рустам Сыбай кәсіпқой рингте алғашқы айқасын өткізеді. Ал Дәулет Дәукенов үшінші, Әбілхайыр Шегалиев болса екінші жекпе-жегіне шыққалы отыр. Екеуі де осыған дейінгі айқатарын жеңіспен бастаған.
«RCC Boxing Promotions» промоутерлік компаниясы ұйымдастыратын бокс кеші аясында Рустам Сыбай Василий Поднебесныймен, Шегалиев Әбілхайыр Иван Ерховпен және Дәулет Даукенов Михаил Лесников жұдырықтасады.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.