Соның ішінде Ресейдің солтүстік-батысында - Выборгта, Петрозаводскіде, Петерборда және Псковта күннің едәуір бөлігін - 80 пайызға жуығын Ай тұмшалауын бақылауға болады. Күн тұтылуы мәскеу уақытымен 10;40-та басталып, сағат 12:00-де барынша мол тұтылуы көрінеді, табиғаттың осы сирек көрінісі мәскеу уақытымен 13:20-да аяқталады.
Күннің ішінара тұтылуын Еуропаның, Солтүстік Африканың, Таяу Шығыстың тұрғындары да байқайды. 2011 жылы Жер тұрғындары барлығы 4 рет күн тұтылуын бақылайды.