Бүгін Республика даңғылы мен Кенесары көшесі қиылысында көлік қозғалысы толығымен шектелді
10:50, 25 Маусым 2010
АСТАНА. Маусымның 25-і. ҚазАқпарат - Астанада жұма күні асфальбетон тас төсеу жұмыстарына байланысты Республика даңғылының Кенесары көшесімен қиылысында көлік қозғалысы толығымен шектелді.
Бұл туралы қалалық ІІД жол полиция басқармасының баспасөз орталығы хабарлады.
Бөгенбай батыр даңғылында Республика даңғылынан Жеңіс даңғылына дейін көлік қатынасы ішінара тоқтатылады. Құрылысшылардың айтуынша, бұл аумақ бүгін кешке ашылады, ары қарай Бөгенбай батыр даңғылында Жеңіс даңғылынан Сарыарқа даңғылына дейін жол жүретін учаске жабылады.
Сондай-ақ Қабанбай батыр даңғылында Қорғалжын шоссесінен Сарайшық көшесіне дейін жол ішінара жабылады.
Асфаль төсеу жұмыстарына байланысты Тұран көшесі бойында Сығанақ көшесінен Қорғалжын трассасына дейінгі жолда көлік қозғалысы ішінара шектеледі.