Республиканың оңтүстігі мен батысында күн ашық, кей жерлерде құмды дауыл болады деп күтілуде. Ақмола облысының жел жылдамдығы 15-20, кей аумағында тіпті 25 м/с күшейіп, найзағай ойнайды. Бұршақ жауып, түнде және таңертең тұман болуы мүмкін. Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Қостанай облысында кей аумақта жел 15-20 м/с жетеді, найзағай, тұман болуы мүмкін. Алматы, Шығыс Қазақстан, күндіз Жамбыл облысында жылдамдығы 15-20 м/с болатын жел соғады. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, түнде Атырау, күндіз Батыс Қазақстан облыстарында - жел жылдамдығы 15-20 м/с құрап, Қызылорда облысында құмды дауыл болуы мүмкін.
08:54, 14 Шілде 2014
Бүгін республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 14 шілде күні Қазақстанның көп бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жаңбыр жауады. Кей аймақтарда найзағай соғып, жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал, деп жазады ҚР ТЖМ «Қазгидрометке» сілтеме жасап.