Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.
Қызылорда, Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Атырау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз Қарағанды облысының жекелеген аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады. Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең Ақмола облысының кей жерлерінде тұман болып, күндіз жел 15-18 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, желдің 15-20 м/с күшейюі күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз екпіні 23 м/с дейін болады.