Бүгін республиканың басым өңірінде жаңбыр жауып, күшті жел тұрады - Қазгидромет

АСТАНА. 14 мамыр. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» болжауынша, бүгін Қазақстанның басым аумағында жауын-шашын болып, күшті жел тұрады. Республиканың солтүстік өңірлерінде түнде үсік жүреді деп күтілуде.

Қызылорда, күндіз Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде күшті жел соғып, шаң борайды.

Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында жел көтеріліп, оның екпіні секундына 15-22 метрге жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады, ал түнде -3 градусқа дейін суық болады.

Ақмола мен Қостанай облыстарында түнде күн суытып, ауаның температурасы 2 градусқа дейін төмендейді.