Бүгін республиканың батысы мен оңтүстігінде - жауын-шашын, тұман мен көктайғақ болжануда - Қазгидромет

АНА. 15 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» болжауынша бүгін, 15 желтоқсан күні Қазақстанның басым аумағының ауа райына Сібір антициклоны суық тарамдарының ықпалы сақталады.

Республиканың тек батысы мен оңтүстігінде атмосфералық ағымдардың ығысуына байланысты жауын-шашын, тұман және көктайғақ болады. Мәселен, Маңғыстау облысының кей жерлерінде - тұман, Ақтөбе облысында - тұман, көктайғақ күтілуде.

Оңтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында кей аумақтарда желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысында - жаяу бұрқасын соғып, 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады.

Алматы облысының Жалаңашкөл аумағында - оңтүстік-шығыстан секундына 20-25 метр екпінмен соққан желдің күші кей уақыттары секундына 30-метрге дейін жетеді.