Бүгін республиканың солтүстігінде қар, түнде тұман күтілуде, қалған өңірлерде - жауын-шашынсыз - Қазгидромет

АНА. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» болжауынша бүгін, 10 желтоқсан күні республиканың солтүстік бөлігі атмосфералық ағымдардың ықпалында болады.

Мұнда кей жерлерде қар, түнде тұман күтілуде. Ал Қазақстанның қалған аумақтарының ауа райына антициклон тарамдарының әсері сақталады, өңірлерде - жауын-шашынсыз.

Мәселен, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, түнде Ақтөбе және Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Алматы облысы Алакөл өзенінің аумағында, күндіз Маңғыстау облысында - 15-22 м/с екпінде жел тұрады.

Атырау облысында жекелеген жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с күшпен жел соғады, күндіз тұман, көктайғақ күтілуде.

Жамбыл облысында кей өңірлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, түнде тұман болжануда.