Мәселен, Батыс Қазақстан, түнде Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман болады.
Ақмола, Ақтөбе, Атырау облыстарында, сондай-ақ тұман, 15-22 м/с екпіндете жел соғады.
Түнде Қостанай, Солтүстік Қазақстан аймақтарының жекелеген жерлерінде көктайғақ күтілуде, секундына 15-20 метр жылдамдықта жел соғады.
Павлодар облысында кей жерлерде жел екпіні секундына 15-20 метрді құрайды.
Қарағанды облысының кей аумақтарында тұман, көктайғақ, секундына 17-22 метр күшті жел тұрады.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде - көктайғақ, 17-22 м/с екпіндете жел көтеріледі.