Бүгін - Рим қаласының іргетасы қаланған күн
Атақты тарихшы Марк Теренций Варронның жазбаларына сүйене отырып, осындай түйін жасаған.
Римнің туған күнінде қаланың қақпасы Рим тұрғындарымен қатар, бүкіләлемнің бар түкпірінен жиналатын сан мыңдаған туристер үшін символикалық түрде ашылады. 2004 жылдан бастап онда «Рим құдайы» конкурсы өткізіле бастады. Оған Италияда тұратын немесе кезінде Рим империясының бір бөлігі болған елде тұратын 18 бен 30 жас аралығындағы конкурсанттар қатыса алады. Қыздар өн бойына римдік әйел мен ішкі жан дүние сұлулығы идеалын жинақтағанын көрсетуі қажет. Жеңімпаз сыйлық ретінде римдіктердің дәстүрлі киімін киген итальяндықтар мен шетелдіктер қатысатын дәстүрлі тарихи кортеждің басында жүру мүмкіндігіне ие болады. Барлық оқиға дәстүрлі рим музыкасы және итальян асханасымен үйлесім тауып отырады.