Бүгін «Роллан Гарос» турнирінде екі қазақстандық теннисші кортқа шығады

АСТАНА. 21 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін, 21 мамыр күні Парижде теннистен Францияның ашық біріншілігі - «Үлкен дулыға» турнирлерінің бірі «Роллан Гарос» жалауын көтереді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстан теннисшісі Михаил Кукушкин біліктілік сайысының бірінші айналымында 22 жастағы беларусь спортшысы Владимир Игнатикпен кортқа шығады. 25 жастағы қазақстандық ATP рейтингісінде 223-орынға ие. Игнатик болса, 154-орынға жайғасқан. Бұл спортшылар бұрындары ешбір турнирде жолдары түйісіп көрмеген.

Қазақстанның екінші ракеткасы Андрей Голубев 24 жасар канадалық Питер Поланскимен кездесу өткізеді. ATP рейтингісінде Полански 212-орында тұр, ал жақында 17 сатыға жоғарылаған қазақстандық теннисші - 178-ші орында.

Матч 21 мамыр күні Астана уақыты бойынша 16:40 сағатта басталады.