Рождество - Иисус Христостың туған күні, ол басты христиандық мерекелердің бірі болып табылады. Інжілдегі аңыз бойынша, осы күні Вифлеем қалашығында ғажайып оқиға орын алды - Құдай ұлы дүниеге келді. Сочельник деп аталатын Рождество алдындағы кештен бастап, шіркеулерде құдайға табыну салтанаттары өткізіледі. Бұл түнде рождество алдындағы ауыз бекіту аяқталып, дәстүрлі тағамдарға толы мерекелік дастархан жайылады.
Рождество - бұл әлемнің жаңаруының, игілік пен әділдіктің, қайырымдылықтың және көмек пен қамқорлыққа зәру адамдарға шынайы көңіл бөлудің нышаны. Қазақстанда православие қауымы басқа конфессиялардың қатарында еліміздің өміріне белсене атсалысып, халықтың бірлігіне, қоғамдық келісім мен дінаралық диалогқа баға жетпес үлесін қосып келеді.
Еске салайық, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 96-бабына сәйкес, Құрбан айт және Рождество діни мерекелері ресми мерекелерге жатпайды, бірақ демалыс күндері болып саналады. Осыған орай, 7 қаңтар күні қазақстандықтар демалады.