Бүгін - Сауаттылықтың халықаралық күні
Тегеранда 1965 жылдың қыркүйегінде өткен «Білім министрлерінің Бүкіләлемдік сауатсыздықты жою жөніндегі конференциясының» ұсынысы бойынша ЮНЕСКО 1966 жылдан бастап Халықаралық сауаттандыру күнін өткізуді жариялады. Қыркүйектің 8-і - осы конференцияның салтанатты ашылған күні.
Бұл күн ЮНЕСКО іс-қимылының басты салаларының бірі болып табылатын сауаттандыру жөніндегі қоғам күш-жігерін жандандыруға шақырады. «ЮНЕСКО-ның анықтамасы бойынша, «сауатты деп, өзінің күнделікті өмірінен қысқаша және қарапайым мәтін жаза алатын және өз жазғанын оқи алатын адамды айтады».
Бүгінде әлемде әлі 774 миллиондай адам, яғни әрбір бесінші ересек, не жаза, не оқи алмайды және 75 миллион бала мектеп жүйесінен тыс қалып отыр.