Араб түбегінде және Қызыл теңіздегі, парсы шығанағындағы аралдарда орналасқан. Солтүстігінде Иорданиямен, Иракпен, Кувейтпен, оңтүстік және оңтүстік-батысында Йеменмен, Оманмен, Біріккен Араб Әмірлігімен, Катармен шектеседі. Әкімшілік жағынан 13 ауданға бөлінеді. Астанасы - Ар-Рияд қаласы. Ресми тілі - араб тілі. Ақша бірлігі - реал. Сауд Арабиясы - абсолюттік манархия. Мемлекет басшысы - Король. Жоғары заң шығарушы органы - Король және Консультативтік кеңес. Жоғары атқарушы органы - Министрлер Кеңесі.
Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1994 жылғы 30 сәуірде орнатылды.