Бүгін - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

АСТАНА. 31 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін - ХХ ғасырдың басындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен 1997 жылдан бастап атап өтіледі. Бұл дата Қазақстан үшін айрықша мағынаға ие. Тарих өрісіне орай, республикамыз миллиондаған кеңестік азаматтың жер аударылған мекені болды.

«Халық жауларын» анықтау бойынша қатаң саясаттың салдарынан қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздері ғана емес, олардың жақындары да зардап шекті.

Қазақстанда 103 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырады, 25 мыңнан астамы ату жазасына кесілді. Олардың арасында қазақ зиялылары: ғылымдар, мәдениет және саясат саласының қайраткерлері болды.

Тәуелсіз Қазақстанда алғашқы болып қабылданған заңдардың бірі - 1993 жылғы 14 сәуірдегі «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» ҚР Заңы.