Бүгін сайлау үдерісінің мәдениеті жеңіске жетуі керек - Мұрат Әуезов

АСТАНА. 3 сәуір. ҚазАқпарат /Жанна Қорқытова/ - Бүгін сайлау үдерісінің мәдениеті жеңіске жетуі керек. Жазушы, мәдениеттанушы және қоғам қайраткері,

Сайлау барысын бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның құрамына кіретін Мұрат Әуезов журналистерге берген сұхбатында осылай деді.

М.Әуезовтың айтуынша, ерікті негізде құрылған комиссияға 15 адам кіріп отыр, олардың қатарында танымал жазушылар, журналистер және қоғам қайраткерлері бар.

«Адамдарды сайлауға бойкот жариялауға үндеп жүргендердікі қателік деп санаймын. Мәселе, кімнің жеңетіндігінде емес, бұл күні сайлау үдерісінің мәдениеті жеңіске жетуі керек. Бұл мәселеде сырт қалуға, тоқырап қалуға болмайды. Өз таңдауын жасауға қабілетсіз адамдар еркін өмір сүру, ашық азаматтық қоғам құру қабілетінен айрылады»,- дейді М.Әуезов.

«Сайлауға қоғамға өте қажет. Сайлауға бару, дауыс беру керек. Кімге дауыс беру - маңызды емес. Сайлауға түсіп отырған кез келген кандидатты таңдай аласыз. Тек өзімізді сайлау құқығынан, таңдау құқығынан айырмауымыз керек. Таңдауды тоқтатқан сәттен бастап, сен күйбең тіршіліктің құлысың. Ал біздің азаматтарымыздың сана-сезімі сергек болуы керек», деп атап көрсетті жазушы өз сөзінде.