Қарағанды облысында туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің дене шынықтыру және спорт, экономика факультеттерін бітірген. Әлемнің екі дүркін чемпионы (2005, 2007), Азияның екі дүркін чемпионы (2007,2009), Азия ойындарының жеңімпазы (2010), бірқатар ірі турнирлер медальдары мен жүлделерінің иегері.
Қазақстанның атақты боксшыларының бірі. 2008 жылғы Бейжің жазғы олимпиада ойындарына қатысқан, бірақ ол жолы жартылай финалға өте алмады. 2012 жылғы Лондон олимпиадасында жапондық Ясухиро Сузукиді, венесуэлалық Габриель Маэстр Перезді, ресейлік Андрей Замковойды, ал финалда жарыс қожайыны - британдық Фрэдди Эвансты жеңіп, 69 келіге дейінгі салмақта олимпиада чемпионы атанды.