деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мәселен, Шығыс Қазақстан, түнде Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұрқасындатып, 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады деп күтілуде.
Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жейрлерде - тұман, көктайғақ болады.
Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстарының кей аумақтарын тұман басады деп болжануда.
Сондай-ақ алдағы үш тәулікте Қазақстанның су айдындарының көбісінде мұз қату үрдісі жалғасатын болады. Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысындағы жекелеген өзендерде су деңгейінің көтерілуі ықтимал.