Бүгін Шведова мен Дельаква «Уимблдондағы» жұптық сында жартылай финалға өтуге тырысады

АСТАНА. ҚазАқпарат -Бүкілағылшындық лаун-теннис пен крокет клубында әйелдер арасындағы жұптық сынның ширек финалдық ойындары өтеді.

Астана уақытымен сағат 20:30 қазақстандық Ярослава Шведова мен авcтралиялық Кейси Дельаква швейцариялық Мартина Хингис пен үндістандық Сани Мирза жұбымен кездеседі.

Бір қызығы, турнирдің басында швейцариялық-үндістандық дуэттен Зарина Дияс пен қытайлық Чжэн Сайсай жұбы ұтылып қалған болатын, деп хабарлады sports.kz.