Бүгін шығыста жаңбыр жауса, батыста күн ысиды - Қазгидромет

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым аумағында күн райы жауын жашынсыз болады. Тек шығыс өңірде ғана жауын жауады, ал батысты күн ыстық болады, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Жамбыл облысы, ОҚО, Қызылорда облысы, күндіз БҚО-да жел күшейіп, секундына 15-22 метрге дейін жетеді, шаң көтеріледі. Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында күн қатты ысиды. Еліміздің оңтүстік өңірінде және орталықта өрт қаупі сақталады.