Бүгін солтүстікте бұршақ жауып, оңтүстікте ыстық болады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 30 шілдеге арналған ауа райын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде өткінші жаңбыр, найзағай болады, жел күшейеді, Республиканың басқа аймақтарында жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады

Ақмола облысының кей жерлерінде  бұршақ, дауыл болуы мүмкін, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с болып, бұршақ, дауыл болуы мүмкін.

Күндіз Солтүстік  Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с жетіп, бұршақ, дауыл болуы мүмкін.

Батыс Қазақстан, күндіз Атырау облыстырының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі. Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында қатты ыстық, кей жерлерде өте қатты ыстық күтіледі. Алматы, Жамбыл, облыстарында қатты ыстық күтіледі, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының  кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі. Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, кей жерлерде Қарағанды, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.