Бүгін - сөзжұмбақтың туған күні
09:02, 21 Желтоқсан 2009
АСТАНА. Желтоқсанның 21-і. ҚазАқпарат - Бүгін - сөзжұмбақтың туған күні. Алғашқы сөзжұмбақты құрастырушы Ливерпульдан Нью-Йоркке қоныс аударған журналист Артур Уинн болған екен.
Автор өзінің 32 сөзден тұратын сөзжұмбағын «Нью-Йорк уорлд» газетіне жіберіп, ол 1913 жылғы желтоқсанның 21-інде басып шығарылады. Міне, сондықтан да, желтоқсанның 21-і - Сталиннің, т.б. туған күні ғана емес, Сөзжұмбақтың да дүниеге келген күні.