«ҚР Білім және ғылым министрлігі Сейсмология институтының мәліметтеріне сәйкес, қазанның 2-сінде сағат 05.13-те Қазақстан аумағында, К=10,9 энергетикалық санатында жер сілкінісі болды», делінген таратылған хабарда.
Зілзала кіндігі Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 443 шақырым жерде орналасты (Жоңғар Алатауы жоталарының арасында). 3 балдық жер асты дүмпулері Алакөл ауданының Үшарал кентінде сезілді.
ТЖМ-нен анықтағандай, құрбандар мен қирау туралы ақпараттар түскен жоқ.