деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Ведомствоның ақпараты бойынша, наурыздың 2-сі күні таңғы сағат 07.55-те Қырғыз Республикасының аумағында (ең жақын елді мекен - Балықшы ауылы) жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпуінің кіндігі Алматының оңтүстік-батысына қарай 140 шақырым қашықтықта тіркелді.
Жер сілкінісі Алматыда - 3 балл, Жамбыл облысының Мерке ауылында 2 балл шамасында сезілді.