Бүгін таңертең интернетсіз қалған Kcell/Activ абоненттеріне бонус беріледі

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат - Kcell/Activ байланыс операторының сервистері толықтай қалпына келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сағат 10:00 кезінде Kcell/Аctiv абоненттерінің ұялы байланыс қызметі толықтай қалпына келтірілді. Бүгін таңертең байланыс бойынша проблема Астана мен басқа да бірқатар қаладағы абоненттерде байқалды», - делінген аталған компанияның баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Бұл тұрғыда Kcell/Аctiv операторы техникалық проблемаға қатысты интернетсіз қалған абонеттерге 10 ГБ бонус берілетінін хабарлады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, таңертең Kcell компаниясы еліміздің кейбір өңірлерінде ұялы байланыс интернеті бойынша проблема бар екенін растады.