АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең төрт облыс аумағындағы республикалық маңызы бар жолдардың учаскелері ашылды. Бұл туралы «Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметінен хабарланды.
Атап айтқанда кеше боранға байланысты Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Ақтөбе облыстарындағы жолдардың учаскелерінде көлік қозғалысы шектелген болатын.
Қазіргі уақытта барлық автокөліктер үшін Ақтөбе облысы аумағындағы «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» автожолының 0-257 шақырымындағы Қандыағаш пен Шалқар аралығында жол жабық тұр. Бұл учаскеде «Қазақавтожол» РМК филиалының арнайы техникалары кезекшілік жасауда.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.