Бүгін таңсәріде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Протон-М» ракета тасымалдағышымен әскери мақсаттағы ғарыш аппараты ұшырылды

АСТАНА. Қаңтардың 28-і. ҚазАқпарат - Бүгін, қаңтардың 28-і күні Астана уақытымен 6 сағат 18 минутта «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Протон-М» ракета тасымалдағышымен әскери мақсаттағы ғарыш аппараты ұшырылды,

деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.

Ведомство баспасөз қызметінің мәлім еткеніндей, ракетаның ұшырылуы штаттық кестеге сәйкес өтті. Ұшырылумен болуы мүмкін салдарды жою үшін 4 сағат 18 минуттан 7.18-ге дейін ҚР ТЖМ Қызылорда, Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары бойынша Төтенше жағдай департаменттерінің құрамы мен апатты-құтқару күштері жоғары дайындық кезеңінде болды.