Бүгін - Тау күні
11:16, 11 Желтоқсан 2009
АСТАНА. Желтоқсанның 11-і. ҚазАқпарат - Бүгін - Халықаралық Тау күні. Бұл атаулы күн БҰҰ Бас Ассамблеясының 57-ші сессиясының шешімі бойынша атап өтіліп келеді.
Бас Ассамблеяның қарарында таулы аймақтардың тұрақты дамуына бағытталған ерекше өзекті мәселелер белгіленген. Бұл атаулы күннің мақсаты - таулы аймақтардың тұрақты дамуын насихаттау.
Жер шарының шамамен төрттен бірін алып жатқан таулар адамдардың 10 пайызға жуығының баспанасы. Оған қоса, таулар - өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін көптеген түрлері үшін қорық, жердегі негізгі өзендердің қайнар көзі.